"Ғылым және технология" ғылыми жаратылыстану сауаттылық апталығы
Дата: 2023-04-12 20:55:38
12 сәуір күні физика пәнінен 8 б және 8 В сынып оқушылары "Оптика" квест ойынын ойнады. Квест ойыны оқушыларды шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеп, командада жұмыс істеуге, проблеманы шешудің жолдарын табу, коммуникативтік дағдыларын дамытады, ойлау белсенділіктерін арттырады. Жарық құбылыстары тарауын өтіп жатқан оқушылар, "Оптика" сөзжұмбағын шешіп, мектеп асханасындағы, мұғалімдер бөлмесіндегі, дәрігер бөлмесіндегі, гардеробтағы айналарда жасырылған конверттерді іздеді. Конвертте көрсетілген Qr код арқылы Joyteka бағдарламасындағы веб - квесттің "Бұлттағы үй" бөлмесіне өтіп, ондағы жарықтың сыну және шағылу заңдарына, айна түрлеріне байланысты тапсырмаларды орындап, квесттен өтті. Ойын барысы танымды және қызықты болды.