"Ғылым және технология" ғылыми жаратылыстану сауаттылық апталығы

Дата: 2023-04-12 20:46:33

14.04. күні 8 "А" сыныбында жаратылыстану апталығы аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында Химиялық  сұрамақ атты сайыс сабақ өтті. Оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар, генетикалық байланыс тақырыптары бойынша логикалық тапсырмалар, қызықты тізбектер, шағын зерттеулер, табиғи қосылыстар үлгілерін танып білу, адам өміріндегі маңызын ашу, функционалдық тапсырмалар орындау жұмыстары орындалды. Оқушылар білімнің біртұтастығын біле отырып, химиялық тілді жақсы меңгергендіктерін байқатты.