Дәрігер-денсаулық қорғаны

Дата: 2023-04-10 23:15:02
Дәрігер-денсаулық қорғаны

«Медициналық сынып» кәсіби бағдар беру жобасы жоспарына сәйкес биология пәні мұғалімі Коккозова Н.А. ұйымдастыруымен медсынып оқушылары арасында «Дәрігер-денсаулық қорғаны» атты презентациялар байқауы өтті. Оқушылар дәрігер мамандығына деген көзқарастары мен ерекшеліктерін бейнелейтін презентацияларын қорғап, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану арқылы өздерінің ізденімпаздығы мен сандық құзіреттілігін көрсете білді. Нәтижесінде: Cейдығали Асия ІІ орын, Алчымбаева Аружан ІІ орын, Саттибай Тоғжан ІІІ орын, Зәрубек Заңғарбек І орын, Қаленов Арсен ІІІ орын марапатталды.