Медициналық сынып
Date: 2023-04-10 22:11:15
24.11 күні биология пәні мұғалімі Садыканова Б.Ж. ұйымдастыруымен «Медициналық сынып» жобасы аясында медициналық сынып оқушылары Балқаш қаласы ЖИТС-СПИД орталығының дәрігер-эпидемиологі Батырбекова Айгүл Абдоллаевнамен кездесті. Кездесу барысында дәрігер-эпидемиологтың жұмысын ұйымдастыру, атқару үлкен біліктілікті, мол тәжірибені сабырлылықты, тек қана медицина саласы ғана емес статистика, ақпараттық технологиялар мен жүйелерді білуді қажет ететіндігін айтты. 39 жылдық еңбек тәжірибесінен өтіп, жұқпалы аурулардың эпидошақтарында сан алуан профилактикалық шараларды атқарғандығы туралы құнды еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісіп, оқушылар дәрігерге көкейде жүрген сұрақтарын қойып, дәрігер мамандығына деген қызығушылығы арта түсті.