“SaNa” дебат клубының ұйымдастыруымен “Майданға түспей бәйге алма“ атты ABAI CUP ІІ турнирі аймақтық деңгейде өткізілді.

Дата: 2023-04-03 00:48:42
“SaNa” дебат клубының  ұйымдастыруымен “Майданға түспей бәйге алма“ атты ABAI CUP ІІ турнирі аймақтық деңгейде өткізілді.

“Абай атындағы №2 мектеп-лицейі” КММ-сі “SaNa” дебат клубының ұйымдастыруымен өткен “Майданға түспей бәйге алма“ атты ABAI CUP ІІ турнирі аймақтық деңгейде өткізілді. Дебаттың қарарларының бірі: "Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті" болды. Турнирға қала мектептерінен және де Шашубай кентінен командалар келіп бақ сынасты. Турнир АПФ, ЛД форматында өтті. Турнирда жүлделі І орынды “Әл-Фараби атындағы ЖББ” КММ-нің “Жеті кереметтің екеуі” атты командасы иеленсе, II орынды “№9 мектептің “Ұшқын командасы жеңіп алды. Шашубай кентінен келген “Alau Dc пен “Ә.Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейінің” “Әлихан мұрагерлері” атты командалары III орынды иеленді. Оқушыларды қолдап, талантарын бағалаған ұжымына алғысымызды білдіреміз