Сабақты зерттеу LS тәсілі

Дата: 2023-04-02 00:35:14
Сабақты зерттеу LS тәсілі
"Абай атындағы №2 мектеп - лицейінде" жоспарға сай "Сабақты зерттеу LS тәсілі" теориядан практикаға  дейін тақырыбында  әдістемелік кеңес өтті.
Әдістемелік кеңесті директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Т.Жаксыгелдина жүргізді.
1 бөлімінде Педагогикалық квиз ойыны арқылы "Біз зерттейміз" тақырыбы ашылып, ақпар берілді.
"Сабақты зерттеу LS" шығармашылық тобындағы 2 в сыныбымен  сабақты зерттеу жұмысы туралы Қайырқұл А.М таныстырылымы тыңдалды.
 
2 бөлімде мұғалімдер 2, топқа бөлініп коучингтерге кірді. Коучингті
Карибжанов Е.Т Рахимова  Ж.Т. "Сабақты зерттеуде проблеманы анықтаудың тиімді жолдары" Кабанова А.К. "LS Сабақты зерттеуде сабақ жоспарын құру" тақырыбында өткізді. Кочингте мұғалімдер топқа бөлініп оқытудың белсенді әдістері арқылы тапсырмалар орындап, постерге салып қорғап, ой пікірлерін білдірді, талдау жасады.
"Дилтс пирамидасы" арқылы бөлімге рефлексия жасалды. Функционалды сауаттылық апталықтары "Математика біздің айналамызда" "Сандық әлемі" "Дені сау ұрпақ ұлт болашағы" апталықтарының жүру барысы бойынша БЖ Аманжол Қ.А және Ахмет З.А сараптмма жасап өтті.
11 сынып оқушыларының ҰБТ ға дайындық барысы туралы ДБІЖО Шармуханбетова Ж.А мониторингісіне сараптама жасады.
Мектеп лицей директоры Қ.Т.Рахимберлина алдағы уақыттағы жұмыс жоспарымен таныстырып, әдістемелік кеңесті қорытындылап өтті.