Облыстық жалпы ата- аналар жиналысы

Дата: 2023-04-02 00:24:11
Облыстық жалпы ата- аналар жиналысы
2023 жылдың 31 наурыз  күні «Абай атындағы №2 мектеп- лицейі» КММ- нің даярлық тобының және бастауыш  сынып оқушыларының  ата – аналары онлайн режимде  облыстық жалпы ата- аналар жиналысына қатысты. Ата- аналар жиналысының күн тәртібінде бірінші сыныпқа қабылдау, қаңғыбас иттерді аулауды ұйымдастыру, зарарсыздандыру мәселелері, қауіпсіз интернет, ата- аналарға арналған кеңестер, баланың жеке басының мүддесі үшін отбасы мен мектептің серіктестігі туралы  мәселелер қаралды. Сонымен қоса жиналыс соңында мектеп- лицей әкімшілігі  ата- аналарға оқушыларды 1- сыныпқа қабылдау бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.