Ғылыми жобалар байқауы

Дата: 2023-04-01 23:43:22
Ғылыми жобалар байқауы
Сүйінші!
         Мектеп-лицейіміздің 11 А сынып оқушылары, облыстық, республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары  Тілеубай Аслан, Малыбаева Әнел Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу жұмыстары халықаралық конкурсына жолдама ұтып алды. Екі оқушымыз Қарағанды облысының командасының құрамымен 01.03.23-04.03.23 ж. күндері Алматы қаласында өтетін халықаралық ғылыми конференцияға қатысады. 
       Ғылыми кеңесшісі: Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ-дың физика-техникалық кафедрасының аға оқытушысы, физика – математика ғылымдарының кандидаты  Кудусов Арыстанбек Сатыбалдинович. 
       Ғылыми жетекшісі: 4 жыл қатарынан республикалық деңгейдегі ғылыми жобалардың жеңімпаз оқушыларын дайындап жүрген, физика пәнінің мұғалімі: Рахимова Ж.Т. Бүгінде оқушыларымыз жетекшілерімен жобалары бойынша дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.  Технология пәні мұғалімі Адамбай Ж.Т. жетекшілігімен жобаның макетін жасады. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!