Хабарландыру

Дата: 2023-03-31 14:43:09

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Қарағанды облысы Білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ  ҚР Еңбек Кодексінің 139 бабына сәйкес төмендегі бос лауазымдарға педагогтарды қабылдау үшін конкурс жариялайды. 

 

Лауазым атауы

Бос орын саны

мерзімі

1

Бастауыш әскери және технологиялық дайындықтың (БӘжТД) оқытушы-ұйымдастырушысы

1 ставка

Тұрақты жұмысқа

 

Лауазымдық міндеттері:

1.Бастауыш әскери және технологиялық дайындықтың (БӘжТД) оқытушы-ұйымдастырушысы: оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін ұйымдастырады. Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілермен бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыстардың жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымында бастауыш әскери дайындықтың материалдық базасын күшейтуге және дамытуға, жабдықтар мен керек-жарақтардың сақталуына, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы үшін шара қолданады. Жасөспірімдерді әскери оқу орындарына іріктеуге қатысады. Білім алушыларды алғашқы әскери есепке алу жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді. Сабақта және сабақтан тыс уақытта бастауыш әскери дайындық сабағын өткізеді, әскери істердің негіздерін оқып-үйрену бойынша үйірмеге жетекшілік жасайды, төтенше жағдайлардағы әрекеттер бойынша тәжірибелік сабақтар мен жаттығулар өткізеді. БӘжТД кабинетіне және арнайы мүліктерге арналған бөлмеге жауапты болады, азаматтық қорғаныс (АҚ) жоспарын жасайды, АҚ бойынша сабақтар дайындайды және өткізеді, шұғыл жағдайларға байланысты іс-шаралар дайындайды, қорғаныс жағдайларының дайындығын, АҚ бойынша шұғыл жағдайларда жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді.     

  Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "Бастауыш әскери оқыту және дене тәрбиесі оқытушысы" мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, офицерлік құрам лауазымдарында әскери қызмет өткерген, жоғары (орта) әскери немесе педагогикалық қайта даярлау білімі бар запастағы офицерлер жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл.

Еңбек ақы мөлшері еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты төленеді.

Конкурсқа қатысу үшін:

            Конкурстық комиссияның қарауына  құжаттар пошта бойынша, Балқаш қаласы, Сванкулов орамы, 20 ғимарат мекенжайы бойынша,  және licei_2_abai@list.ru электрондық мекенжай бойынша қабылданады.

Анықтама үшін телефон: 4-10-17.

            Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті календарлық күні ішінде ұсынылады, 2023 жылдың 03-11 сәуір  аралығында кадрлар қызметінде  қабылданады.

     Тапсыратын құжаттар:

       1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9)ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.