Размер шрифта:

Тәуелсіз Қазақстанның ең басты символдары

Дата: 2023-03-29 21:30:24
Тәуелсіз Қазақстанның ең басты символдары
«Тәуелсіз Қазақстанның ең басты символдары» атты көрме
Ежелден еркіндікпен өмір сүріп, еңселі ел болуды әр уақытта айбар еткен бабаларымыз «егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» дегенді айтқан еді.
Ал сол егемендіктің ең басты белгісі тәуелсіз ұлттың нышандары, тәуелсіздікті білдіретін мемлекеттің ұлы рәміздері болатын. Басқаша түсіндірсек, мемлекеттік рәміздердің өзі «тәуелсіздік» сөзін мәдени нышандар ұғымымен ұштастыратын синоним. Сондықтан да рәмізсіз тәуелсіз елдің болмайтыны анық. Әлемде мойындалған қанша мемлекет болса сонша рәміз бар, сол арқылы ғана біз дүниеде «терезесі тең» елдердің қатарын танимыз һәм өзімізді де өзгеге танытамыз. Жоспарға сәйкес мектеп-лицейіміздің кітапханасында «Тәуелсіз Қазақстанның ең басты символдары» атты көрме ұйымдастырылып, 10 сынып оқушыларының назарларына ұсынылып, мәліметтермен таныстырылды.