Қош келдің, әз-Наурыз!

Дата: 2023-03-20 00:04:52
Қош келдің, әз-Наурыз!

2023 жылдың 16- наурызы күні 9- сыныптар арасында "Қош келдің, әз-Наурыз!" атты іс-шара өтті. Күмбірлеген күймен басталған мерекелік іс-шараның көркін ашқан қыздардың әсем биімен өрнектелді. Тоқшылық пен молшылықтың, нышаны Тайқазанды ортаға қазақ батырлары алып шығып, сынып жетекшілер шашу шашты. Қыдыр бабамыздың батасы қазақтың ұлттық ойындарына ұласты. Оқушылар ұлттық мерекемізді тойлап, дәстүрге деген құрметтерін көрсетіп, бір-біріне жақсы тілектерін айтып, қуанышты көңіл-күймен тарқады.