Анам және мен
Дата: 2023-03-07 12:53:00
2023- жылдың 6-наурызы күні мектеп- лицейдің 3 “В”сынып жетекшісі Ш.Д.Стамбекова “Анам және мен” атты отбасылық интеллектуалды сайыс өткізді. Сайысқа 5 ана мен бала қатысты. 7 кезеңге бөлінген сайыстың 1-кезеңінде әр топ мүшелері өзін өлең жолдарымен таныстырды. “Ұшқыр ой” кезеңінде аналар 1 минут ішінде сұрақтарға жауап беріп ұпай жинаса, “Ойлы болсаң, озып көр” кезеңінде оқушылар әр пән бойынша білімдерін көрсетті. “Сен білесің бе?” кезеңінде ана мен баланың бір-бірін қаншалықты білетіні жайлы сұрақтар берілді. “Мақал-сөздің мәйегі” бөлімінде оқушылар мақал айтудан жарысып, ой ұшқырлықтарын көрсетті. Жоғары ұпай жинаған Аманжол Інжу мен анасы 1-орынды иеленді. Барлық қатысушыларға мадақтама табысталып, марапатталды.