Терроризм актісін жасау қаупі туындаған кездегі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің іс- қимыл алгоритмі
2022 жылдың 27- 28 қазан күндері «Абай атындағы №2 мектеп- лицейі» КММ- нің 1-11- сыныптар аралығында «Терроризм актісін жасау қаупі туындаған кездегі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің іс- қимыл алгоритмі» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілері мен білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығы бойынша оқушыларға қатысты тараулар бойынша түсініктемелер берілді. Оқушыларға террористік қауіп туындаған кезде қандай іс- қимыл жасау керектігі түсіндіріліп, нақты әрекеттер көрсетілді. Сынып сағаттарында қауіпті немесе күдікті затты тапқан адамдар дереу ішкі істер органдарының "102" арнасына немесе "112" (егер ол тәрбиеленуші немесе білім алушы болса, онда тәрбиешіге немесе сынып жетекшісіне) бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне хабарлау керектігі, шұғыл ден қою күштері келгенге дейін заттан қауіпсіз қашықтықта болатындықтары және болған жағдайға қатысты айғақтар беруге дайын болуға тиіс екендігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қоса терроризм қаупі туындаған кездегі білім алушылардың іс-әрекеттері туралы нұсқаулықпен таныстырылды.