Табыс формуласы
Дата: 2023-02-17 08:58:10
Облыстық білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының "Табыс формуласы " жобасы аясында "Абай атындағы №2 мектеп -лицейінде" серіктес мектептермен "Мұғалімнің кәсіби дамуындағы іс әрекетті зерттеуді жүргізудің маңыздылығы" тақырыбында коучинг ұйымдастырылды. Коучинг барысына Action Research іс әрекетті зерттеуінің ерекшелігі бағытында таныстырылым арқылы ақпар берілді.Топтық жұмыста тапсырмалар орындалып,ой пікірлер сараланды.
"SWOT талдау" әдісі арқылы мұғалімдер рефлексия жасап,кері байланыс берді. Коучингті лицей координаторы Н.А.Коккозова және директордың ОІЖО Ш.Т.Жаксыгелдина жүргізді.