Жүректегі жазылмас жара

Дата: 2023-02-16 22:47:56
Жүректегі жазылмас жара
Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болды. Соның бірі - әлемді дүр сілкіндірген Ауған соғысы. Ауған соғысы - жүректе жазылмайтын, тарихта ерекше орын алатын беттер...
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай А.Гайдар атындағы Орталықтандырылған қалалық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Жүректегі жазылмас жара» тарихи сағатына мектеп-лицейіміздің 8 А сынып оқушылары мен Мұхтар Руслан мұғалім қатысып, тың ақпараттармен сусындап қайтты. Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы - Отаны үшін жанын пида еткен азаматтарын мәңгі есте сақтап, құрметтеу, жас ұрпаққа отансүйгіштіктің үлгісі ретінде насихаттау. Тарихи сағатқа аға сержант Нусипбеков Көбеген Тоқтарұлы қатысты.