Сарыарқа дарыны

Дата: 2023-02-16 22:35:52
Сарыарқа дарыны
Қарағанды облысының білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 3-11 сынып оқушылары арасында Бүркіт Ысқақұлының поэзиясын мәнерлеп оқу байқауының қалалық іріктеу кезеңі білім бөлімінің ұйымдастыруымен 8 ақпан күні «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де өткізілді. Байқауға жалпы 15 мектеп барлығы 34 оқушы қатысты.
        Бүркіт оқулары жас ерекшеліктеріне қарай 2 номинация бойынша өткізілді:
- бастауыш топ (3-4 сынып оқушылары) «Өнерпаз болсаң» тақырыбында;
- ересек топ (5 -11 сынып оқушылары) «Елін сүйген ердің ізі» тақырыбында;        Номинация бойынша әр мектептен бір-бір оқушыдан қатысты. Қатысушының мәнерлеп оқу шеберлігі жоғары, сөз мәдениетінің сапалары толық сақталған, киім кию үлгісі эстетикалық талғамға сай болуы назарға алынды. Байқау қортындысының нәтижесінде әр номинация бойынша оқушылар 3-орын үш-үштен, 2-орын үш-үштен, 1-орын екі-екіден дипломдармен марапатталды. 
        Нәтижесінде, бастауыш топ (3-4 сынып оқушылары) «Өнерпаз болсаң» тақырыбында қатысқан оқушылар төмендегі орындарға ие болды: 
         ІІІ-орын: Манарбек Мұстафа, 3 Б сынып, Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп – лицейі; Алимханова Айару, 4 сынып Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп;  Бостандық Нұриса, 4 Д сынып Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
        ІІІ-орын: ересек топ (5 -11 сынып оқушылары) «Елін сүйген ердің ізі» тақырыбы:  Рзаханов Әбілмүслім, 8 сынып Балқаш қаласы «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ; Мұратқызы Дилара, 5 Ә сынып Қарағанды облысы білім басқармасының «Балқаш қаласы білім бөлімі Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ; Талгатова Мерей, 10 А сынып Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты 
       ІІ-орын: (3-4 сынып оқушылары) «Өнерпаз болсаң» тақырыбы: Сәбит Шұғыла Алмасқызы, 4 А сынып Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ; Ерланқызы Айару, 3 Б сынып Балқаш қаласы білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ; Асқар Муслима 3 Г сынып Балқаш қаласы «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 
       ІІ-орын: (5 -11 сынып оқушылары) «Елін сүйген ердің ізі» тақырыбы: Бергенбол Нұрсұлтан, 9 Б ЖББ №9 орта мектеп; Сымбатқызы Еркенұр, 6 Б Балқаш қаласы «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ; Қалашбаева Торғын, 9 А сынып Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ 
       І-орын: Берік Ажар Бағдатқызы, 4 Ә сынып «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп- гимназиясы» КММ; Әбілғазы Кәусар Думанқызы, 3 Ә сынып «Саяқ кенті №6 ЖББМ» КММ 
     І-орын: Уаш Нұрасыл, 6 Б сынып Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп – лицейі; Мустафин  Константин  10 А сынып Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
   І-орын алған оқушылар: 
- бастауыш топ (3-4 сынып оқушылары) «Өнерпаз болсаң» тақырыбында; 
- ересек топ (5 -11 сынып оқушылары) «Елін сүйген ердің ізі» тақырыбында облыста Балқаш қаласының намысын қорғайды. Сәттілік тілейміз!