Размер шрифта:

Кітап жарнамасы

Дата: 2023-02-16 21:32:41
Кітап жарнамасы
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де оқушылардың үзіліс уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап жарнамасы» қолға алынып, жалғасын табуда. 8 ақпан күні таңғы ауысымда 7 Ә, 9 Ә сыныптары, түстен кейінгі уақытта 5 А мен 6 А сынып оқушылары оқыған кітаптары аясында жарнама жасап, дайындаған ақпараттарымен бөлісті.
Кітап оқудың бір ерекшелігі - ұзақ өмір сүрудің кепілі екен. Жапония медицинасы осылай қорытынды шығарып отыр. Олардың айтуынша, ең ұзақ өмір сүретіндер - философтар, одан кейінгісі ғалымдар мен көркемөнершілер екен. Олар «кітап оқу - үлкен миды үздіксіз қозғалысқа салады. Кітап оқып болған соң да оның адамға сыйлайтын әсері дене шынықтырудан кейінгі массаж секілді адамды рухани қалыпқа түсіріп отырады» дейді. Кітапты көп оқиық, құрметті жас дос!