LS Сабақты зерттеу
Дата: 2023-02-11 15:24:28
Білім сапасын көтеру бағытында 06.02-10.02 күндері "Абай атындағы №2 мектеп - лицейінде" "LS Сабақты зерттеу" әдісі бойынша 7 в сыныбында алгебра пәнінен, пән мұғалімі Калиева С.М және ағылшын тілі пәнінен пән мұғалімі Пиримбетова Н.К ашық зерттеу сабағын өткізді.
Сабақта пән мұғалімдері өздерінің таңдап алған оқытудың белсенді әдіс тәсілдерін қолданып, үлгерімі орта деңгейдегі оқушылардың белсенділігін,қызығушылығын бақылауға алды. Әр сабақ соңында оқушылар белсенділігіне сараптама жасалды. Сабақтарға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Т.Жаксыгелдина қатысты.