Төле бидің туғанына 360 жыл

Дата: 2023-02-09 01:02:39
Төле бидің туғанына 360 жыл

«Абай атындағы №2 мектеп лицейі» КММ-де 6- қазан күні кезекті саптық жиын өтті. Саптық жиын   «Экология» және «Төле бидің туғанына 360 жыл» тақырыптарында болды. Жоғарғы сынып оқушылары табиғатты аялау екендігін, оны таза ұстауға ат салысу керектігі жайында үгіт насихат көрсетсе.  Ал төменгі сынып оқушылары  Төле бидің төрелігін көрсететін шығармасынан үзінді көрініс көрсетті. Оқушыларға ой тастар терең мазмұнға толы ерекше саптық жиын болды. Одан әрі әдеттегідей саптық жиынымыз жақсы жаңалықтарға  ұласып мектеп оқушыларына марапаттар ұсынылды. Кезекшілік ақпары да оқылып мектептің ішкі тәртібі жайлы сөз қозғалды.