Медициналық сынып

Дата: 2023-02-09 00:34:08
Медициналық сынып

"Абай атындағы №2 мектеп - лицейінде" "Медициналық сынып" жобасы бойынша 07.02 күні химия пәні мұғалімі Мұқамеди Р.С. " Халық медицинасы ның әдіс -тәсілдері" тақырыбында медициналық сыныбындағы оқушылармен танымдық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар халық медицинасындағы қасиетті ем түрлерімен танысып, ақпарат алды. Ұлттық сусындар құрамындағы адам денсаулығына шипалы элементтер жайлы презентация ұсынып қорғалды. Дөңгелек стол барысында оқушылар халық медицинасы мен қазіргі заманауи медицина ерекшеліктері бойынша ойларын ортаға салды. Танымдық сабақ "Баспалдақ" әдісі арқылы рефлексиямен аяқталды.