Кітап жарнамасы

Дата: 2023-02-07 22:36:53
Кітап жарнамасы
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де оқушылардың үзіліс уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында әр дүйсенбі 2-4 сыныптар, ал әр сәрсенбі 5-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап жарнамасын» өткізу қолға алынды. 6 ақпан күні таңғы ауысымда 2 "Ә" сыныбы, түстен кейінгі уақытта 4 А мен 3 "А" сынып оқушылары оқыған кітаптары аясында жарнама жасап, салған суреттерін көпшілік назарына ұсынды.
Кітап - өмірдің ең алыс және қараңғы жолдарында жарық беретін шам. Кітапты көп оқиық, құрметті жас дос!