Рейдтік шара

Дата: 2023-02-05 22:47:22
Рейдтік шара

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың  қадағалаусыз, қараусыз жүруінің алдын алу,балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, сабақты жиі босататын, қыдырымпаз, қараусыз, жағдайлары төмен отбасылардағы балаларды, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23:00 ден кейін жүрулерін қадағалау мақсатында 2023 жылдың 31 қаңтар күні «Түнгі қаладағы жасөспірім»  рейдтік іс-шарасы өткізілді.

Аталмыш іс-шараға лицей ұжымынан 3 мұғалімдері  және әлеуметтік педогог қатысты.       

1.  Толетаева А.А .   ДТЖЖО

2. Аманжол Қ.А.  8 «В» сынып жетекшісі

3. Мұхтархан Р.М.   АӘД  мұғалімі

4. Бакимова А.Т әлеуметтік педогог

Рейдтік шара барысында қала көшелері араланып  кафе, дүкен, түнгі клубтарға рейд жүргізілді. Қала дүкендерін аралап жасөспірімдерге алкоголь сусындары мен темекі өнімдерін сату деректері бақыланды. Аталмыш шараны өткізу барысында түнгі уақыттарда жүрген мектеп оқушылары анықталған жоқ.