Ұлдар жиналысы
Дата: 2023-02-05 10:40:45
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі»КММ-де 19 қарашада мектепішілік 7-8 сыныптар арасында ұлдар жиналысы өтті. Жиында мектеп парламенті, әлеуметтік педагог: Бакимова А.Т, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Өмірхан Ә.М. қатысып қосымша ақпараттармен бөлісті. Жиналыста мектептің ішкі тәртібі, оқушының сабақтағы тәртібі, қоңырау кезіндегі тәртіп және оқушылардың жалпы тәртібіне қойылатын талаптары жайлы сөз қозғалды. Қазіргі таңда дертке айналған электронды темекінің зияны жайлы. Өзге мектептерде болып жатқан әлімжеттіктер жайлы ой қозғалып пікірлер айтылды. Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап алдағы уақытта қандай жұмыстар жүргізілетіні жайлы сөз қозғалды.