А.Қоразбаевтың 75 жасқа толуына орай әдеби сазды кеш өтті

Дата: 2023-02-02 23:24:34
А.Қоразбаевтың 75 жасқа толуына орай әдеби сазды кеш өтті
2023 жылдың 2-ақпаны күні мектеп-лицейде А.Қоразбаевтың 75 жасқа толуына орай әдеби сазды кеш өтті. Кеште әншінің шығармашылығы , әндері  көрерменге   кеңінен айтылды.
"Әгугай домбыра" әнін 8Ә  сынып оқушысы Ержанова А орындаса, "Сарыарқа" "Үшқоңыр " әндерін Сейфолла А, Өмірхан Ә нақышына келтіріп шырқады . Көрермендермен бірге "Сағындым Алматымды" әні айтылды. Кешті музыка пәнінің мұғалімдері Ж.Е Еркінова мен Ө.Ә.Манерханұлы жүргізді.