ZhasSkills Kazakhmys-2023

Дата: 2023-02-01 23:33:43
ZhasSkills Kazakhmys-2023

23.12. 2022 күні 9-сынып оқушылары арасында ертекәсіптік бағдарлау және оқушыларды «ZhasSkills Kazakhmys-2023» чемпионатына кәсіби даярлау негіздерінің іріктеу турының I кезеңі өтті. «ZhasSkills Kazakhmys-2023» чемпионатының іріктеу кезеңінде оқушылар 20 сұрақ тест пен 4 жағдаяттық тапсырмаға жауап берді. Іріктеу кезеңін «Kazakhmys» политехникалық колледжінің «Электротехника және электрожабдық» пәні мұғалімі Серікбай А.С. және мастер п/о Омарбаев А.О. бағалады.  Жоғары ұпай жинаған оқушылар Кудайбергенова Фатима, Сайлау Көркем, Сабырқызы Мерей, Серікхан Темірлан чемпионаттың екінші кезеңіне өтті. Екінші кезеңге өткен оқушыларымызға сәттілік тілейміз!