Қазақтың киелі сандарының құпиясы

Дата: 2023-01-30 21:56:31
Қазақтың киелі сандарының құпиясы

2023- жылдың 23- қаңтары күні мектеп- лицейде математикалық сауаттылық апталығы аясында 2 Б сыныбында «Қазақтың киелі сандарының құпиясы», 6 Б сыныбында «Математиканың адам өміріндегі маңызы», 9 Б сыныбында «Математика менің болашақ кәсібімде» атты ашық сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының өтілу барысында оқушылар тақырыпқа байланысты  жан- жақты ойланып, іздену арқылы математикалық түрлі қызықты тапсырмаларды орындады.Оқушылар өзара математика пәнінің өмірдегі маңыздылығымен  және тың мәліметтермен бөлісе білді. Сынып сағаттарына оқушылар белсене қатысты.