Оқуға құштар мектеп

Дата: 2023-01-30 20:39:23
Оқуға құштар мектеп

Кітап оқу адамның рухани дамуына үлкен әсер етеді. Кітап оқитын адамдар –  табысқа жиі жетеді, олар жас көрінеді және ұзақ өмір сүреді. Миы қартайған адамның, ағзасы жылдам қартаятындығы белгілі. Кітап оқыған кезде, ми үнемі жұмыс жасап, өзіңізді жақсы сезінетін боласыз. Ғалымдардың айтуынша, классикалық әдебиеттер - жасөспірімдердің тұлға ретінде дамуына үлкен ықпал жасайды. Тұрақты түрде кітап оқудың тағы да бір пайдасы: сөздік қорыңыз артады. Өйткені, кітаптың беттерінде күнделікті өмірде қолданылмайтын сөздер кездеседі. Ал «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өтетін 20 минуттық кітап оқу сағаты оқушыларымызға берілген тамаша мүмкіндік. Соған орай мектеп-лицейімізде аптаның дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері «Мен де кітап оқимын, сен де кітап оқисың!» атты жаппай кітап оқу үрдісі қарқынды жүргізіліп келеді.