Панфилов: аты аңызға айналған командиp
Дата: 2023-01-30 08:26:37
Уақыт өткен сайын біз Ұлы Жеңістің Ұлы оқиғаларын тереңірек ұғынамыз. Бұл жеңісті ешқашан ұмытпауымыз керек. Өйткені, біз бұл жерде адамдардың бірлігін, бауырластық пен батырлықты, Отанды қалай сүю керек екендігін көреміз. Бүкіл халық сол соғыста жеңіске жеткен ардагерлерге, аталарымыз бен әкелерімізге бас иіп алғыс білдіреді. Өйткені, солардың арқасында біз бүгінгі күні еркін өмір сүріп, тәуелсіз жаңа Қазақстанды құрудамыз.
26 қаңтарда жылжымалы кітапхана aясында, 53989 әскери бөлімі мен қаламыздың №1 кітапхана филиалымен, «Абай атындағы №2 мектеп - лицейі» КММ бірлесе отырып, Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Васильевич Панфиловтың туғанына 130 жыл толуына орай мектеп-лицейіміздің 10-11 сынып оқушыларымен «Панфилов: аты аңызға айналған командир...» атты ерлік сағаты ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Қызыл Әскер құрамында аты шыққан азамат соғысының ардагерінің балалық шағы, Мәскеу түбіндегі ұрыстарда генерал - майор Панфиловтың соғыс тактикасын жетік білетіндігі, ұрысты шебер ойлай алатын сауатты командирлігі, өзі басқарған 316-шы атқыштар дивизиясының қайсар ерлігі жайында таныстыру арқылы әр оқырманның өз Отанын жақсы көріп, оның рухани құндылықтарына құрметпен қарау керектігін жеткізе отырып, Б.Момышұлының генералға арнап жазған естелік әңгімелернен қызықты үзінділер оқылып «Ержүрек командир» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге шолу жасалды. Шарамыздың «Қарулы күштер - ел қорғаны» деген бөлімінде 53989 әскери бөлімінің әскери қызметшілері іс-шарамыздың қонақтары майор Н.З.Хасенов, капитан А.А.Олжабай және қатардағы жауынгер Г.Байбосынова қазіргі әскери басшының (командирдің) бойындағы шыншылдық, қырағылық, әділдік, өткірлік жайында әңгімелей отырып оқушылардың бойында елжандылық, адамгершілік сынды қасиеттерді сіңіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Мектеп-лицейіміздің 5 Б сынып оқушысы Ырысбек Нұртасұлы “Тәуелсіз ел ұраны” әнін орындады.
Оқушыларымызға Б.Момышұлы «Генерал Панфилов», «Соғыс психологиясы» және А.Бек Арпалыс (Волоколамск тас жолы) кітаптарын оқуға кеңес берілді.