Оқуға құштар мектеп

Дата: 2023-01-30 08:47:45
Оқуға құштар мектеп
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп - лицейі» КММ-де қаңтар айында мектеп-лицейіміздің Парламент мүшелері, аға тәлімгер мен кітапханашы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 20 минуттық кітап оқу күндерін аптасына 3 рет өткізу бойынша талқылау шарасын өткізді. Негізі жоспарға сәйкес 2022-2023 оқу жылының басынан жалпы мектеп-лицейімізде оқу сағаты әр сыныптың кестесіне сәйкес жүргізіліп келеді. Енді шығарылған шешімнің аясында мектеп-лицейімізде аптаның дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері «Мен де кітап оқимын, сен де кітап оқисың!» деген ұранмен таңғы ауысым сағат 07:45-те, ал түскі ауысым 13:00-де жаппай 20 минуттық кітап оқу сағаты жүзеге асырылатын болады. 
Кітап арқылы рухани азық алуға, қоршаған әлемді тануға деген қызығушылық мектеп жасынан балаларда қалыптасуы керек, ал кітапхана осы қызығушылықтың орталығы, кітаптардың әлеміне апаратын алтын көпір. Барлық 2-11 сынып білім алушыларын 20 минуттық кітап оқу сағатына белсенді түрде атсалысуға шақырамыз!