Қазақтың киелі сандарының құпиясы

Дата: 2023-01-29 23:57:08
Қазақтың киелі сандарының құпиясы

23.01.2023 жылы «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де 2 Б сынып жетекшісі Жүнісбек Ә.Д. «Қазақтың киелі сандарының құпиясы» атты сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға қазақ халқындағы киелі сандар жайында сипаттама беруге, сандардың өмірдегі маңыздылығы туралы айта білуге, ойларымен бөлісуге мүмкіндік жасау.
Сабақ барысында оқушылар тақырыпқа байланысты жан-жақты ойланып, ізденді.
Сандардық ұғымдарды ажырата алып, өз ойларын еркін жеткізе алды.
Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік мәні, қасиеті болғандығы жайлы ақпарат оқушыларға қызықты болды.