Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы...
2023 жылдың 20- қаңтар күні "Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде" «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы...» тақырыбында «Шұғыла» ақындар үйірмесі мүшелерінің арасында жыр мүшәйрасы өткізілді.
Мүшәйраға көрермен ретінде 6-7 сынып оқушылары және қазылар алқасына төрағалық ету үшін ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын-қаламгер Нұрдос Кәрім шақырылды. Мүшәйраны үйірме жетекшісі, ақын-сазгер Қуандық Сәденов жүргізді.
Жыр сайысына үйірме жұмысына қатысып жүрген оқушылар қатысып, соңғы екі ай ішінде жазған өлеңдерін ұсынды.
Өлеңдері іріктелген бес жас ақынның ішінде 5 «Ә» сынып оқушысы Нұрсая Болатбектің жыр тұлпары бәйгеден оза шауып, І орынға ие болды.
ІІ орынды Қарақат Бейхұт (5 «А») пен Дилара Мұратқызы (5 «Ә»), ІІІ орынды 5 «А» сынып оқушылары Мансұр Әліхан мен Айару Мұздыбек иеленді.