Отбасы сағаты
Дата: 2023-01-19 12:14:48
2023 жылдың 13 қаңтарында мектеп-лицейімізде инстаграм парақшасы арқылы тікелей эфирде 5-11 сыныптар оқушыларының ата-аналарының қатысуымен "Отбасы сағаты" өтті. Күн тәртібінде қозғалған мәселелер: 1) жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу; 2) "Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы" ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен таныстыру; 3) Электронды сигареттердің таралуының жасөспірімдер арасында белең алуы, салдары. Отбасы сағатына қалалық полиция бөлімшесінің испекторы және Балқаш қаласының №1 поликлиникасының психолог маманы қатысып, маман ретінде кеңестер берді.