Жол қозғалысының ережелері

Дата: 2023-01-17 15:06:10
Жол қозғалысының ережелері

16.01.2023 жылы «Абай атындағы №2 мектеп- лицейі» КММ- де «Адал ұрпақ» бағдарламасы бойынша «Сыбайлас жемқорлықтың дамуына әсер ететін себептер мен факторлар» және «Жол қозғалысының ережелері» тақырыбында саптық жиын өтті. Таңғы ауысым 10 Ә сынып оқушыларының үгіт насихатымен басталды. Түскі ауысымда 5 В сынып оқушыларының  «Жол қозғалысы ережелері» тақырыбында дайындаған әсерлі көріністері мен мазмұнды өлең- тақпақтары тыңдалды. Саптық жиын соңында мектеп оқушылары диплом, алғыс хаттармен марапатталды.