Размер шрифта:

Кітап оқитын отбасы – ғасыр үлгісі

Дата: 2022-12-23 15:57:16
Кітап оқитын отбасы – ғасыр үлгісі
«Кітап оқитын отбасы – ғасыр үлгісі» атты отбасылық кітап оқу сағаты
 
 «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің отбасыммен оқыған кітаптар», «Менің үйімдегі кітаптар» тақырыбында мектеп-лицейіміздің оқушылары ата-аналарымен отбасылық кітап оқу сағатына атсалысты. 
Ата-анасы кітапты көп оқитын баланың да оқуға деген қызығушылығы тез оянады. Жалпы кітап оқу – адам миы үшін айрықша жаттығу. Түрлі шығармалардың ішіне ойша ену - адамның елестету, қиялдау мүмкіндігін арттырады. Бұдан адамның физикалық және психикалық жай-күйі жақсарады. Сондықтан, Отбасыңызбен кітап оқу үрдісін дағдыға айналдыруға шақырамыз баршаңызды!