Мектепалды даярлық сыныптары

Дата: 2022-11-30 21:22:53
Мектепалды даярлық сыныптары
28.11 күні "Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінде" қалалық білім бөлімінің әдіскерлер кабинетінің жоспарына сәйкес, директордың оқу ісі -жөніндегі орынбасарларының отырысы ұйымдастырылды.
Мектеп - лицейіміздің ДОІЖО Ш.Т.Жаксыгелдина "Мектепалды даярлық сыныптарындағы ұйымдастырылған іс-әрекет және күн тәртібінің орындалысы" тақырыбында баяндама жасап, іс- тәжірибесімен бөлісті. 2022-23 оқу жылында мектепалды даярлық сыныбын оқытудағы басты ерекшеліктерге
 тоқталып, орындалу барысы бойынша ақпар берді.
Отырысты қалалық білім бөлімінің бас әдіскері Бектурганова А.О жүргізді.