Размер шрифта:

Шығанақ

Дата: 2022-11-24 20:45:17
Шығанақ
«Шығанақ» романы аясында Bookdiwing
Қазақтың көрнекті жазушыларының бірі Ғабиден Мұстафин 29 қараша 1902 жыл, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жауыр тауында дүниеге келген. Қайтыс болған жылы: 20 қаңтар 1985 жыл, Алматы. 14 жасында Спасск зауытының табельшісінен бір жыл орысша оқып, сондағы бес жылдық орыс-қазақ мектебінің 4-сыныбына түседі. Бұдан әрі оқуға мүмкіндігі болмай, туған ауылына қайтып оралады. Ауылда әр түрлі қызметте болып, 1925 жылы білімін көтеру мақсатымен Қызылордаға келеді. Мұнда оқуға түсе алмай, өлкелік сотқа іс қағаздарын тіркеуші қызметіне орналасады. Жазушылық өнерге құмарлығы осы кезден басталады. Жазушының ізденісі мен өмір жолы көркем шығармасында із қалдырып, ел басынан кешкен тарихи оқиғалар сайрап жатады. Ғабиден Мұстафин мұрасы – осынау қағиданың дәлелі мен айғағы.
Ғ.Мұстафин шығармаларында Абай өнегесі, Абай дәстүрі берік орын теп¬кендігі, жазушының алдына жаңа идея¬лық мақсаттар қойып, өз дәуі¬рі¬¬нің көркем бейнесін жасай білуде Абай¬мен үндестігі айқын сезіледі. Он¬да¬ған әңгімелері мен бірнеше шағын пьесасын былай қойғанда, «Шығанақ», «Мил-лионер», «Қарағанды», «Дауылдан кейін», «Көз көрген» сияқты роман, повестері арқылы жазушы қазақ әдебие¬тінің дамуына, көркемдік жетістіктерге жетуіне мол үлес қосты. Қазақ әдебиетінде шаруа тақырыбына жазылған шығармалардың ішіндегі айрықша көркемдік қуатқа ие болғаны - «Шығанақ» романы. Соған орай «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл толуына орай «Шығанақ» романы негізінде Bookdiwing назарларыңызға ұсынылады.