Өнегелі өмір

Дата: 2022-11-24 16:22:07
Өнегелі өмір

Бүгін 24.11.күні кәсіби бағдар беру кеңесшісі Балтабай А.С ұйымдастыруымен  «Өнегелі өмір» жобасы аясында  11-сынып оқушыларымен  Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық университетінің Металлургия кафедрасының аға оқытушысы, профориентолог Айтбаев Нұрлан Берікұлымен «ZOOM» платформасында онлайн кездесу өтті.  Кездесу барысында мамандық таңдаудың маңызы, ҰБТ-2023 жаңашылдықтары, жауап нұсқалары санының өзгеруі, грантқа түсу үшін конкурс қалай жүргізілетіндігі және өзгеріссіз қалатын мәселелер туралы ақпарат берді. Сонымен қатар Қазақстандағы ТОП 10- мамандықтар мен квоталар, гранттардың түрлеріне тоқталып өтті. Оқушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, профориентолог мамандықтың ерекшеліктері мен оқуға түсу барысында университетті зерттеу, психологиялық сауалнама туралы тың мәліметтер білді.