Балалық шаққа саяхат

Дата: 2022-11-22 20:25:02
Балалық шаққа саяхат
Бердібек Соқпақбаевтың  «Балалық шаққа саяхат» повесі желісі негізінде өткізілген оқырмандар конференциясы туралы
 
2020-21 оқу жылынан бастап білім алушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны қолдау, кітап мәртебесін арттыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы барлық өңірде біртіндеп енгізіліп, жүзеге асырылуда. Соған орай мектеп - лицейімізде жоспар құрылып, «Буккроссинг» кітап алмасу бұрышы, 20 минуттық кітап оқу шаралары ұйымдастырылып келеді. 20 минуттық кітап оқу сағатында әр сынып өздері таңдап алған шығармаларды оқып, талқылау, тұжырымдау кезінде іс-шаралардың әр түрлерін қолдана отырып, кітапханамен бірлесе жұмыстар жүргізілуде. Сондай шаралардың бірі - «Сырлас» аналар мектебінің жетекшісі Садыканова Бикеш Жекенқызы мен кітапханашысы Хапура Булганбайдың ұйымдастырумен Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесі желісі негізінде өткізілген оқырмандар конференциясы.  
Аталмыш шараға 5 А сыныбының ата-аналары мен қыз балалар тобының оқушылары қатысып, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығынан ақпараттармен танысып, «Балалық шаққа саяхат» повесі негізінде түйген ойларымен бөлісті.