Cынып сағаттар

Дата: 2022-11-21 19:30:19
Cынып сағаттар
«Абай атындағы №2 мектеп – лицейі» КММ- де
2022 жылдың 21 қараша күні өткізілген сынып сағаттары туралы ақпар
2022 жылдың 21 қараша  күні «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ-нің сынып жетекшілері  жылдық жоспарға сай сынып сағаттарын өткізді. 
1-2-сыныптарда «Балалар мен театр» жобасы. «Театрдың пайда болу тарихы»  
3- сыныптарда: «Балалар мен театр» жобасы. Балалар театрының пайда болу тарихы» 
4- сыныптарда «Балалар мен театр» жобасы. Балалар театрының тарихы» 
 
5 – 6- сыныптарда «Балалар  және  театр» жобасы».  «Театр туралы әңгімелесейік»
7 - 9сыныптарда: «Балалар  және  театр» жобасы».  «Театр сиқыры»
Сынып  сағаттарының мақсаты:   балаларға театр туралы түсінік беру, қуыршақ театрының түрлерімен таныстыру; балалардың өз ойын айта білуге үйрету, театрландырылған ойындарға оң көзқарастарын, басқалардың пікірін тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру;  театр өнеріне құрметпен қарауға тəрбиелеу. 
 
10 – 11- сыныптарда «Дәстүр мен ғұрып». «Ұлттық дәстүрлер»  тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Оқушыларды халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерін дәріптеу. Өз ұлтына, әдет - ғұрып, салт - дәстүрге деген сүйіспеншілігін арттыру.