Қатыгездіксіз және зорлық- зомбылықсыз балалық шақ
Дата: 2022-11-15 22:10:33
«Қатыгездіксіз және зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» апталығына сай 2022 жылдың 14 қараша күні «Абай атындағы №2 мектеп- лицейі» КММ- нің 9-11 сыныптарында «Зорлық – зомбылықсыз бақытты балалық шақ» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.