Кітап оқу - ақыл айнасы

Дата: 2022-11-08 23:04:18
Кітап оқу - ақыл айнасы
«Кітап оқу - ақыл айнасы» атты «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы кітапханаға саяхат
 
Кітап оқу - бұл тек бос уақытты қызықты өткізу ғана емес. Сонымен бірге тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Нақтырақ айтқанда, бұл процесс ойлау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорды ұлғайтады және сөйлеу мәдениетін дамытып, ми белсенділігін жақсартады. Сондай-ақ, әрбір адамның бойындағы шығармашылыққа деген сүйіспеншілігін оятуға итермелейді. Сол себепті білім алушылардың кітап оқуға деген құлшынысын арттыру мақсатында әрі «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп-лицейіміздің 2 А, 3 А, 3 В, сынып оқушылары кітапханамыздағы құнды көркем әдебиеттер қорымен танысып, оқырман ретінде тіркеліп, оқуға түрлі кітаптарды жаздырып алды.