Акробатикалық көрініс

Дата: 2022-11-08 17:15:51
Акробатикалық көрініс

Күзгі демалыс кезеңіне арналған іс-шаралар жоспары аясында 1 қараша күні 3-4 сыныптар арасында акробатикалық көрініс көрсетілді.
Акробатикалық көріністің мақсаты: оқушыларды тепетеңдікке баулу, қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың қажеттілігін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын, көркем гимнастиканың құралдарын шығармашылық жолмен қолдануға үйрету. Акробатикалық көрініс барысында оқушылар осы мақсаттарға жетуге тырысты және оқушылардың физикалық жаттығуларға қабілеттілігі арта білді. Оқушылар акробатикалық элементтерді еркін жасай білді.