Кәсіптік бағдар беру

Дата: 2022-11-04 10:00:53
Кәсіптік бағдар беру

03.11 күні мектеп-лицейдің 9-cынып оқушылары ҚР «Халық қаһарманы» Р. Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжіне барып, кәсіби сынамадан өтті. Оқушылар колледждің оқу ерекшеліктері және дәнекерлеу, слесарлық, столярлық, электриктер, станокшылар, көпір краны машинисті, құрылыс шеберлерін дайындықтан өтетін шеберханалармен танысты. Колледж осы уақытқа дейін өндірісті өңірімізге жиырма мыңнан астам мамандарды дайындап шығарған. Оқушыларға кәсіптік бағдар берудегі басты міндет -қоғамға қажет, сұраныстағы мамандықтармен таныстыру. Бұл тұрғыда колледждің қоғамға қажет мамандарды даярлаудағы жетістіктері ұшан теңіз екендігі туралы ақпарат айтылып, оқушылар өз сұрақтарына жауап алды.