Кәсіптік бағдар беру
03.11 күні күзгі каникул кезеңінде мектеп-лицейдің 9-сынып оқушылары Балқаш сервис колледжінің кәсіби сынамаларына қатысты. Оқушыларға колледждің мамандықтары туралы, атап айтқанда: туристік агент, аспаз, кондитер, цифрлық технология, шаштараз мамандығы туралы айтылды. Оқушылар әртүрлі кәсіптік шеберханаларға барып, мамандықтардың ерекшелігімен танысты. Студенттер жатақханасында аспаз мамандарының қолынан шыққан әртүрлі тағам өнімдерін тамашалап, дәм татты. Шаштараз тобының түлектері келген қыз балаларға шеберлік сағаттарын өткізіп, әдемі өрілген өрімдер түрлерімен таныстырды, шебер шаштараз мамандығының ерекшелігі мен оқу шарттары туралы айтты. Көптеген эмоция мен әсерге толы кәсіби сынамалар оқушыларға жарқын көңіл-күй сыйлады. Оқушылар қоғамның сұранысын қамтамасыз ететін, кәсіп бастауға лайық мамандықтардың ерекшелігі туралы мол мағлұмат алып, сұрақтарына тұщымды жауап алды.