I - тоқсанның аяқталуына байланысты ата- аналар жиналысы өтті.

Дата: 2022-11-02 19:54:15

«Абай атындағы №2 мектеп- лицейі» КММ- нің сынып жетекшілері I - тоқсанның аяқталуына байланысты ата- аналар жиналысын өткізді. Ата- аналар жиналысында әр сынып жетекші сыныптың білім сапасы, оқушылардың тәртібі,  «Күзгі демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі», т.б. мәселелер бойынша сөз сөйлеп, ата- ана мен мектеп арасындағы қарым- қатынастың бала тәрбиесіндегі ерекшелігіне тоқталып өтті. Жиналысты әртүрлі форматта топпен жұмыс, тренинг түрінде өткізіп, ата- ана рөлі қандай болу керектігі, баланың бас ұстазы- ата- ана екендігі жайында тақырыптар талқыланды.