01.11.2022 күні кәсіби бағдар беру жоспары.

Дата: 2022-11-01 22:06:22
01.11.2022 күні кәсіби бағдар беру жоспары.

01.11.2022 күні кәсіби бағдар беру жоспарына сәйкес,  күзгі демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп-лицейдің 9А, 9Ә,  9Б, 9В сыныптарынан жинақталған барлығы 30 оқушы Балқаш қаласы Медициналық колледжіне барып, кәсіби сынамадан өтті. Кәсіби сынаманың тиімділігі  оқушылар колледжде оқытылатын мамандықтармен, орта оқу орындарына түсу шарттарымен, оқу орны ұсынатын жеңілдіктермен таныса отырып, медицина мамандығына қызығушылығы артты.  Оқушыларға кәсіптік бағдар беру үшін мамандықтар мазмұны түсіндіріліп, педиатрия, акушерлік, мейіргерлік, хирургиялық жабдықталған арнайы кабинеттермен танысты, алғашқы көмек көрсету сабақтарына қатысты.  Қазіргі кезде мектеп оқушыларының болашақ мамандығына бағытталған кәсіби даярлықтан өтуі – олардың болашақ мамандығын адаспай табуының алғышарты.