Медициналық сынып
Дата: 2022-10-25 21:25:09
Мектеп оқушыларын ерте жастан медициналық мамандықтарға кәсіби бағдар жүргізуде мектеп-лицей облыстық «Медициналық сынып» жобасына енген болатын. Дәрігер мамандығына деген қызығушылықты оятып, көмек көрсету дағдыларын игеріп, мамандық таңдауға бағыт беруде «Медициналық сынып» жобасының іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Жоба аясында 7-8 сынып оқушыларынан алдын-ала медициналық мамандыққа қызығушылығын анықтайтын сауалнама алынған. Осы сауалнама нәтижесінде биология, химия пәндерін сүйіп оқитын, болашақта дәрігер болам дейтін оқушылар тобы жасақталып, 22.10 күні «Медициналық сыныпқа» қабылдау іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында директордың оқу-әдістеме жөніндегі орынбасары Жаксыгелдина Ш.Т кіріспе сөз cөйлеп, мединалық сыныптың маңызы мен ерекшелігіне тоқталды. Кәсіби бағдар беру кеңесшісі Балтабай А.С. «Медициналық сынып» жобасының мақсат-міндеттері және іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Ұлағатты ұстаз, химия пәнінің мұғалімі Мұқамеди Р.С. химия пәнінің медицинамен байланысын қызықты ойын арқылы аша түсіп, оқушыларға ізгі тілегін жеткізді. Мектеп дәрігері Ақшолақова Б.Т. дәрігер болу,алғашқы көмек көрсетудің маңыздылығына тоқталып, медициналық сыныппен белсенді жұмыс жасайтындығын жеткізді. 10А-сынып оқушылары Қаратас Д. медицина туралы ақпаратпен таныстырып, Асанова М «Медициналық викторина» сұрақтарын қойып, оқушыларға танымдық ойын ойнатты. Шара соңында оқушылар мединициналық сыныпқа қабылдану туралы алтын ереже бойынша ант беріп, биология пәні мұғалімдері Садыканова Б.Ж және Коккозова Н.А. және парламент оқушылары медсыныптың оқушыларына медициналық эмблема тақты.