25 қазан – Республика күні мерекесіне орай 2022 жылдың 21 қазан күні «Абай атындағы № 2 мектеп –лицейі» КММ-де «Қазақстан –туған елім, туған жерім!» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Дата: 2022-10-21 23:17:14
25 қазан – Республика күні мерекесіне орай 2022 жылдың 21 қазан күні «Абай атындағы № 2 мектеп –лицейі» КММ-де «Қазақстан –туған елім, туған жерім!» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында Республика күні - мемлекеттің символын айқындайтын маңызды мереке екендігі, бұл күн- еліміздің бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын салтанатты күн екендігі, сонымен қоса Қазақстан елі, жері, рәміздері, тәуелсіздіктің мәнісі туралы мағлұматтар айтылып, балалардың бойына Отанға деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге, ұлттық және мемлекеттік мерекелерге құрметпен қарау туралы маңызды ақпараттар жайлы түсінік берілді.