Биыл 25 қазанда Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде алғаш рет аталып өтеді.
Дата: 2022-10-19 22:18:07
Биыл 25 қазанда Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде алғаш рет аталып өтеді. 29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке - Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке - Тәуелсіздік күні болып қабылданды. 13 жылдан кейін қайта оралған мерекенің маңыздылығын насихаттайтын республика көлемінде түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Соған орай, мектеп-лицейіміздің фойесінде кітапханашының ұйымдастыруымен кітап көрмесі қойылып, оқушылар назарына ұсынылды.