4 А сынып оқушысы Берікбай Кәусар 1 орын алып, жеңіске жетті!!!

Дата: 2022-10-17 17:28:30
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 3-10 сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты», «Балалар жылы» шеңберінде балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру мақсатында өткізілген Республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңіне қатысып, 3-4 сынып оқушылары арасынан мектеп-лицейіміздің 4А сынып оқушысы Берікбай Кәусар (жетекшісі Абдыкарина М.Ж.) І дәрежелі дипломмен марапатталып, облысқа жолдама алған болатын. Облыстық кезеңге өңір бойынша 3-10 сыныптар арасында 80 оқушы қатысқан. 3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптар («Қазақ ертегілері» және «Алпамыс батыр» ертегісі) бойынша тапсырмалар орындап, нәтижесінде 4 А сынып оқушысы Берікбай Кәусар 1 орын алып, жеңіске жетті. Жарайсың, Кәусар! Енді Кәусар қаламыздың намысын республикалық деңгейде қорғайтын болады. Алдағы республикалық кезеңге алған жолдамаңа Сәттілік тілейміз! Дайындаған ұстазы мен қолдау көрсеткен ата-анасына алғыс білдіреміз!